Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы icon

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы




Скачать 278.47 Kb.
НазваниеФ кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Дата07.08.2013
Размер278.47 Kb.
ТипДокументы
источник



Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы


СИЛЛАБУС


ООД 012 МВ 1112 “МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА”

Мамандығы 5B130100– “ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА”

Курс I

Семестр 1

Оқу сағатының көлемі 108 сағат


Қарағанды 2012 ж.

Силлабус «Медициналық биофизика» пәнінің 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «__»____________


Силлабус кафедра отырысында талқыланды.

«___» ___ 20___ж. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі _________________________ Койчубеков Б.К.

Оқытушылар жайлы мәлімет.

Сосновская Людмила Викторовна - б.ғ.к , доцент. Ғылыми қызығушылығы: Психологиялық және физиологиялық бейімделу мәселелері. Жетістіктері: Білім берудегі инновациялық технологиялар.

«Қазіргі спектрофотометр және хроматографияда жұмыс істеудің негізгі принциптері және әдістері».

Пашев Виктор Иванович - аға оқытушы. Ғылыми қызығушылығы: Регуляторлы жүйелердің өзара әсерлері. Жетістіктері: ПБЖФ КГМА «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика».

Букеев Сатыбалды Букеевич - аға оқытушы. Ғылыми қызығушылығы: Өсімдіктану биофизикасы, фотосинтез құбылысы. Жетістіктері: ПБЖФ КГМА «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика».

Бражанова Анар Корабаевна – оқытушы. Ғылыми қызығушылығы: Оқу бағдарламасынан түсетін жүктемелеріне оқушылардың бейімделу мәселелері. Жетістіктері: ПБЖФ КГМА «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика».

Айткенова Айлаззат Айткеновна - биология магистрі. Ғылыми қызығушылығы: Студенттердің білім алу формаларына, бағыттарына сәйкес жүрек – қан тамырлары жүйесінің қызметтік күйін, бейімделуін кейбір гемодинамикалық көрсеткіштері. Жетістіктері: БЖФ Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Қазіргі спектрофотометр және хроматографияда жұмыс істеудің негізгі принциптері және әдістері» БЖФ «Биофизика».

Балмагамбетова Газиза Галиевна - оқытушы, Ғылыми қызығушылығы: Дем шығару ауа конденсаты инвазивті емес әдіс ретінде өкпе сурфактанты жүйесін бағалау. Жетістіктері: ПБЖФ «Ассистент (оқытушы)».

Байланыс ақпараты: Кафедра мына мекен-жайда орналасқан: Қараганды қаласы, Гоголь көшесі, 40, 4 корпус, 247,248, 249 бөлме.

Пән саясаты.

Пәннің әр тақырыбына студенттің ағымдық бағаларын сабақта 100-балдық шкаласымен оқытушы оқу журналына қояды. Ағымдық бағаны қоюда аталған тақырыпты меңгеруге қатысты қарастырылған барлық оқу жұмыстарының түрлері (аудиториялық және аудиториядан тыс) ескерілуі керек. Пәндер бойынша СОӨЖ өткізу түрі кафедра отырысында бекітіліп, талқыланады, пәндер силлабусына көрсетіледі. СОӨЖ бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тәжірибелік сабақтағы ағмдық бағасында есептеленеді. Межелік бақылау СӨЖ тапсыру кестесі және СӨЖ тақырыптық жоспарларына сәйкес өткізіледі. Семестр соңында барлық студенттер СӨЖ тапсырмаларын тапсыру керек. «+» немесе «-» белгісі түрінде қойылады.

Оқу жұмыс бағдарламалардағы пәндер тақырыбын меңгеру деңгейін бақылау пән бойынша межелік және қорытынды бақылауды өткізуде жүзеге асырылады. Бұл үшін СОӨЖ және СӨЖ тақырыптары бойынша сұрақтар межелік және қорытынды бақылауға – кредиттік технология бойынша ара қатынаста: СӨЖ 1/3+СОӨЖ 1/3; дәстүрлі технологияда СӨЖ 1/3.

Ағымдық үлгерімнің рейтингін есептеу пәннің толық бағдарламасын яғни СӨЖ бен СОӨЖ тапсырмаларын орындаған және барлық межелік бақылауларды тапсырған, ОКО пәндердің бағдарламасымен анықталған барлық тәжірбелік дағдыларды меңгерген студенттер үшін ғана жүргізіледі. Пән бағдарламасының толық көлемін орындамаған жағдайда студент қорытынды бақылауды тапсыруға жіберілмей пәнді қайта оқиды.

Барлық босатылған зертханалық, тәжірибелік сабақтарсәйкес межелік бақылау өткізілген сәтке дейін өтеле алады:

  1. Себепсіз жағдайда - өтеу кестесінде сәйкес тестілеу бөлімінде тапсырылады;

  2. Себепті – студенттермен жеке жұмыс және белгіленген кеңес кестесіне сәйкес, ауызша, кезекші оқытушыға сабақ берілетін тілде (қазақ, орыс, ағылшын) тапсырылады;

  3. ОКО босатылған сабақтарды өтеу, ОКО студенттерге кеңес беру және жеке жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады;

  4. Зертханалық жұмыстар, қорытынды сабақтар кафедрада өтеледі және босату себебіне қарамастан кезекші оқытушыға тапсырылады.

Себепті және себепсіз сабаққа босатулар тек бір рет қана өтіледі. Қанағаттанарлықсызт баға алған жағдайда (0-49) сабақ өтілмеген болып есептеледі. Тәжірибелік сабақтарды, зертханалық жұмыстарды көрсетілген мерзімде өтелмеген жағдайда өтеу қайталанбайды.

100 балдық шкаласына сәйкес әр сабақты себепсіз босату үшін ағымдық сабақтың орташа бағасынан 2 балл алынады.

Сессияның басталуына 2 апта қалған уақытта кафедралар деканаттарға студенттер туралы пәндер бойынша қарыздары бар нақтыланған мәліметтер береді. Семестрдің соңғы күнінде барлық кафедралар тіркеу бөліміне жіберу рейтингісі бар ведомостті ұсынуға және барлық студенттерді жіберу рейтингісі туралы ақпаратты кафедра стендінде ілуге міндетті.

Семестрдің соңғы аптасының мерзімінде ауыру жағдайында студент деканатқа ауыруы туралы анықтаманы семестрдің соңғы күнінен бір күн бұрынғы мерзімге дейінгі уақытта тапсыруы керек, анықтаманың негізінде деканат сессияны жеке тапсыруына рұқсат береді. Анықтаманы тапсырмаған жағдайда сабақты босату өтелмеген болып табылады.


Кіріспе

Физика, химия және биология - үш ғылымның мәуелі негізінде қосылуы нәтижесінде тіршілік процестері негізін түсінуге мүмкіншілік беруші биофизика биологиялық пәндер ішіндегі ең бастысы болып табылады.

Биофизика заңдарын білу диагностика және емдеудің жаңа әдістерін жасау мүмкіншілігін береді. Қазіргі кезде көптеген биофизикалық әдістер түрлі ауруларды айыра білуде, дәрілік препараттардың әсері механизмін анықтау үшін, емдеу кезінде бақылау үшін кеңінен қолданылады. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық – диагностикалық деректерді объективті түсіндіру және емдеу шараларын дұрыс сезіну үшін қажет. Дәрігердің диагностикалық және емдеу тәсілі, көбіне, құралдар көмегімен алынатын деректерге тәуелді. Зерттеуші, құралдың жұмыс жасау физикалық негізін білгенде ғана, медициналық-биологиялық зерттеулерде түрлі техникалық құралдарды барынша тиімді қолдануы мүмкін. Сонымен бірге бағдарлама қазіргі медициналық техниканы қолдану мәселелері бойынша, студенттерде ғылыми білімдер мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

^ Пәннің мақсаты: Медицинадағы ғылыми методологияны және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, медицина – биологиялық пен клиникалық-лабораториялы және функционалды зерттеу әдістерін теориялы негіз ретінде санап, қазіргі заман құрал-жабдықтарды молекулярлы диагностика зерттеулерінде қолдану.

^ Пәннің міндеттері

  • Медико-биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизикалық жетістіктердің практикалық маңыздылығын көрсету;

  • Медико – биологиялық зерттеулерде, гигиенада және эпидемиологияда қолданылатын биофизикалық әдістер негізі білімдерін беру;

  • Адам ағзасында өтіп жатқан процестерді түсіндіру үшін кейбір физико-химиялық заңдарды қолдану мен түсінуге студенттерд і үйрету;

  • Студенттердің пікірлер мен ой тұжырымды құрастыра білуін және логикалық ойлауын қалыптастыру;


^ Оқытудың соңғы нәтижелері:

Дескрипторлар

Білім берудің соңғы нәтижелері

Дағдылар*



А



Білу керек

Болашақ маман үшін пәнге маңызды анықтамалар бере отырып, медициналық биофизика пәнінің міндеті мен мақсатын білу.

1, 3, 6

Мембраналық құрылымдардың функционалдық механизмдерінің биофизикалық заңдылықтарын, мембрана арқылы заттардың тасмалдануын, электрогенез механизмдерін, жарықтың биологиялық құрылымдармен өзара әсерінің физикалық ерекшеліктерін сипаттайды.

1, 3, 6


Жүрек-қан тамырлар, бұлшық ет және тыныс алу жүйелерінің биофизикалық заңдылықтарын ашу.

1, 3, 6




Зерттеудің метрологиялық негіздерін қамтамасыз етілуін білу.

1, 3, 6



Биологиялық жүйелерді зерттуде қолданылатын медициналық аппараттар мен құрылғылардың негізгі топтарының анықтамаларын беру және атау.

1, 3, 4, 6, 7



Б



Ұғыну

Медициналық аппараттар мен құрылғыларды жіктеу.

1, 3, 4, 6, 7

Биофизиканың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады.

1, 3, 4

Мембранада электрохимиялық потенциалдың малекулярлық таралу механизмін түсіндіру.

1, 3, 4, 6, 7

Құрылғылардың әртүрлі көрсеткіштерінің ақпараттық бағасын түсіндіру және сипаттау.

1, 3, 4, 6, 7

Сыртқы тыныс алу қызметінің, қан тамырлар бойымен қанның қозғалысын, ағзалардың электрлік белсенділігін зерттеудегі неғұрлым маңызды әдістерінің принциптерін түсіндіру.

1, 3, 4, 6, 7



В



Өз түсінігін және білімін тәжірбие жүзінде қолдану

Пәнді түсінікті-терминологиялық аппараттарын игеруді ұсыну.

1, 3

Физикалық параметрлерге тіркеу жүргізу, нәтижесін өңдеу және оларды бағалау.

1,2,3,4,6,7

Медициналық-биологиялық ақпараттарды тіркеу және алу, жазу жүйесін түсіндіру.

1,2,3,4,6,7

Медико-биологиялық зерттеулердегі биообъектілер мен техникалық заттардың ең ұтымды кездесуі жайындағы тапсырмаларды шешу.

1,2,3,4,5,6,7

Физикалық заңдылықтарды қолдана отырып оқу тапсырмаларын шешу.

1,2,3,4,5,6,7

Алынған білім негізінде оқу тәжірбие жұмысын жүргізе отырып, топпен жұмыс істеу біліктіліктерін арттыру.

1,2,3,4,5,6,7

Медициналық тапсырмаларды шешуде техникалық құралдарды дұрыс алу қабілеттілігін ұсыну.

2,3,5,6

Зерттеу әдістерін орындауда ЭКГ, ЭЭГ, спектрофотометрия, микроскопия, спирометрия, реография, вискозиметрия АҚ және пульс жиілігін өлшеуді практикада қолдану.

1,2,3,4,6,7



С



Пікір қалыптастыру, идеяларды бағалау және қорытындысын тұжырымдау

Оқу тәжірбелік бақыланған құбылыстарға және фактыға алғашқы-іздік әрекеттесулері нәтижелерін сипаттау және бағалау.

1,2,3,4,5,6,7

Нақты жүйені зерттеу кезінде әдісті және құрылғыны таңдауды бағалау, зертеудің тиімділігі бойынша ұсыныстар беру.

1,2,3,4,6,7

Тірі организмге әсер ететін сыртқы ортаның кейбір физикалық факторларын сараптау.

1,2,3,4,6,7

Аурулардың прфилактикасы мақсатында өмір тіршілікті рациональды ұйымдастыруда өзіндік тұжырымдарын ұсыныс түрінде қалыптастыру

1,2,3,4,6,7



D



Өз түсінігін және іскерлігін ұсыну

Адам ағзасындағы процесстерді биофизика тұрғысынан функционалдық және регуляциялық заңдылықтары бойынша ақпараттарды таңдап алуға, олардың маңыздылығын бағалау қабілеттілігін, олардың реферат, презентация, проект түрінде орындалып, практикалық сабақта, студенттік отырыстарда, студенттік ғылыми конференцияларда ұсынылып, олардың өзіндік пікірлері қалыптасады.

1,2,3,4,6

Оқу тәжірбиелік жұмыстар жүргізілу және жоспарлау кезінде өзіндік білімдері мен іскерліктерін студенттерге /оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға/ ұсынуға қабілетті.

1,2,3,4,5,6

Физико-химиялық заңдылықтары бойынша алынған білім негізінде студенттерге /оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға/ ұсынуға қабілетті.

1,2,3,4,5,6

Ақпараттармен (оқу, ақпараттық, ғылыми) жұмыс істеуде өзіндік білімін және іскерлігін студенттерге ұсынуға қабілетті.

1,2,3,4,5,6

Зерттеу төңірегінде ақпараттардың синтезі мен анализіне өзіндік пікір берумен көпшілік алдында баяндама жасау біліктілігін игеру.

1,2,3,4,5,6

E

Келесі пәндер бойынша оқуды әрі қарай жалғастыру іскерлігіне қабілетті (постреквизиттер)

Физиология, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, патологиялық физиология, клиникалық пәндер.

3




  • Дағды тізімі: 1. Жалпы білімділік. 2. Биомедицина ғылымын білу 3. Дағды біліктілігі 4. Үнемі жаңашалану біліктілігі 5. Ғылыми зерттеу біліктілігі 6. Топта жұмыс істеу біліктілігі 7. Кәсіптілік 8. Клиникалық біліктілік немесе дәрімен қамтамассыздандыру төңірегіндегі біліктілік немесе қоғамдық денсаулық сақтауды басқару және профилактикалық мицицина біліктілігі.


^ Пәннің алғы реквизиттері: “Физика”, “биология”, “химия” пәндері бойынша мектеп бағдарламалары.

Пәннің кейінгі реквизиттері: қалыпты физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия.

^ Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыптар тізімі

Өткізілу түрі

Ұзақтығы

1

Биологиялық мембрана құрылысы, қасиеті, оларды зерттеу жолдары.

Мәселе дәріс

1

2

Электролиттер еместердің биологиялық мембрана арқылы тасымалы. Пассивті тасымал механизмдері.

Мәселе дәріс

1

3

Белсенді тасымал. Канал арқылы иондар тасымалы. Биологиялық мембрана арқылы активті тасымал механизмдері.

Мәселе дәріс

1

4

Электроқозу түсінігі. Тыным потенциалы, оның молекулярлы әсер механизмдері.

Мәселе дәріс

1

5

Мембраналық потенциалдың молекулярлы электрохимиялық механизмдері және қозған талшық бойымен жүйке импульсінің өтуі.

Мәселе дәріс

1

6

Ходжкин – Хаксли моделі бойынша ион тоқтарының ағуын сипаттау. Жеке каналдардың тәуелсіз жұмысы.

Мәселе дәріс

1

7

Кардиомииоциттер тыныштық потенциалы. Жүрек ұлпалары бойымен әрекет потенциалдарының таралуы.

Мәселе дәріс

1

8

Биологиялық жүйелердің жарықты жұту заңдылықтары.

Мәселе дәріс

1

9

Биологиялық жүйелер люминесценциясы.

Мәселе дәріс

1

10

Фотобиологиялық процестердің алғашқы сатылары. Фотобиологиялық әсердің спектрі.

Мәселе дәріс

1

11

Ақуыздар, липидтер және нуклеин қышқылдарындағы фотохимиялық реакциялар.

Мәселе дәріс

1

12

Фотореактивтену және фотоқорғау. Биологиялық мембраналарға ультракүлгін жарықтың әсері.

Мәселе дәріс

1

13

Қанның реологиялық қасиеттері.

Мәселе дәріс

1

14

Тамырлар бойымен қан қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары.

Мәселе дәріс

1

15

Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі.

Мәселе дәріс

1

16

Түрлендіргіштердің конструкциясы және олардың негізгі сипаттамалары.

Мәселе дәріс

1

17

Биопотенциалдарды тіркейтін құралдардың жұмыс жасау принциптері.

Мәселе дәріс

1

18

Терапевтикалық тағайындалған медициналық құралдар.

Мәселе дәріс

1




Барлығы




18



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:



Сабақ тақырыбы

Өткізілу түрі

Ұзақтығы



Мембрана құрылысын және қызметін зерттеуге арналған қазіргі кездегі әдістер. Беттік керілу күштерін зерттеу.

семинар

3



Мембрананың электрохимиялық потенциалының молекулярлық механизмі және қозған талшықтың бойымен жүйке импульсінің таралуы.

семинар

3



Биологиялық және электрлік емес сигналдарды электр түріне айналдыру. Датчиктер мен электродтардың құрылысы, олардың негізгі сипаттамасы.

(PBL-проблеманы шешуге арналған оқыту)

3



Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі.

Емдеу-диагностикалық аппараттармен жұмыс

3



ЭКГ тіркеу және талдаудың негізі. Механокардиография үшін аспаптар.

ЭКГ жазу индивидуалді тапсырма орындау

3



Электроэнцефалографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі. ЭЭГ негізгі ырғақтары. ЭЭГ тіркеу және талдау принципі.

Емдеу-диагностикалық аппараттармен жұмыс. ЭЭГ жазу, индивидуалді тапсырма орындау

3



Тараудың қорытынды сабағы

коллоквиум

3



Биожүйелердегі поляризация құбылысы.

семинар

3



Биологиялық объектілерді микросоптаудың арнай амалдары.

семинар

3



Спекторфотометрлердің құрылысы мен жұмыс жасау принципі.

Биологиялық сұйықтардағы зат концентрациясын анықтау үшін спектрофотометрлік зерттеу әдістерін қолдану.

Тәжірибелік сабақ

3



Тараудың қорытынды сабағы

коллоквиум

3



Жылжыған жіптер моделі. Бұлшық биомеханикасы. Хилл теңдеуі.Бір жиырылу қуаты. Бұлшық ет жиырылуын модельдеу.

Электромеханикалық қабаттасу.


семинар

3



Сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспаптары. Құрылысы және жұмыс жасау принципі.Тіркеу және функционалды зерттеулерді талдау.

семинар

3



Биологиялық сұйықтардың реологиялық қасиеттерін зерттеу.

Гемодинамиканың физикалық негізі. Күретамыр және көктамыр арнасындағы қан қозғалысының заңдылықтары.

Тәжірибелік сабақ

3



Қанайналымды зерттеу әдістері. Интегралдық және регионарлық реография. Соққы және минуттік шығуды тіркеу жанама тәсілдері.

семинар

3



Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.

семинар

3



ЖЖ,АЖЖ және УЖЖ токтары қолдануға негізделген терапевтикалык техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтикалық техника.

Тәжірибелік сабақ

3



Тараудың қорытынды сабағы

коллоквиум

3




Барлығы:




54


Кеңес беру кафедрада бекітілген уақыт бойынша өткізіледі.

^ Аралық бақылау уақыты: кестеге сәйкес

«Медициналық биофизика» пәні бойынша мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина» 1 курс, 1 семестрге арналған №1 аралық бақылау кестесі

Мамандығы

Курс/поток/топ

Пән

апта/күні

уақыты

Жалпы медицина

101-103

Медбиофизика

7/26.03.12




Жалпы медицина

104-107

Медбиофизика

7/26.03.12






«Медициналық биофизика» пәні бойынша мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина» 1 курс, 1 семестрге арналған №2 аралық бақылау кестесі

Мамандығы

Курс/поток/топ

Пән

апта/күні

уақыты

Жалпы медицина

101-103

Медбиофизика

7/26.03.12




Жалпы медицина

104-107

Медбиофизика

7/26.03.12





Қорытынды бақылау уақыты: академиялық кесте уақыты бойынша.


Студентердің өздік жұмысына арналған тапсырмалары

^ СӨЖ-ның тақырыптық жоспары:



Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары

өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Биологиялық мембраналар өтімділігі механизмдері.Иондық каналдар және тасымалдауышылар құрылысы мен қызметі.Электрогенез механизмі.

Тест тапсырмаларын өздік орындау

4

2

Түрлі мүшелер элекрлік белсенділігін зерттеу әдістері.Жүрек. орталық жүйке жүйесі,бұлшық ет электрлік белсенділіктері.

Жеке тапсырмаларды орындау

4

3

ДНК-ның фотохимиялық түрленуі.Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың биология мен медицинада қолданылуы.

Реферативті ақпарат дайындау.

4

4

Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика-математикалық заңдылықтары. Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері.

Оқу және қосымша әдебиетпен жұмыс

4

5

Медико-бпиологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі.

Тест тапсырмаларын өздік орындау

4

6

Биологиялық ұлпалардың дыбыспен әрекеттесуінің физикалық негізі. Медицинада ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану.

Тест тапсырмаларын өздік орындау

4

7

Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизімі.

Тест тапсырмаларын өздік орындау

4

8

Тірі Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері. ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану.

Ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау.

4

9

Жасанды мүшелер.

Ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау.

4




Барлығы:




36


СӨЖ тапсырмаларын орындау графигі

№ апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

№ тақырып СӨЖ







1

5







2

3

7

8

9










4







6

^ Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі - Жобаны қорғау-кафедрада оқытушымен бірлесе белгіленіп, семестрдің соңына дейін индивидуалді тапсырылады; пән бойынша қорытынды тест тапсырмаларды ҚММУ-ның ақпаратты-есептеу орталығында тапсырылады.


Әдебиеттер: негізгі және қосымша

Негізгі әдебиеттер

  1. Антонов, Валерий Федорович Физика и биофизика : Курс лекций для медвузов - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 236 с

  2. Көшенов Б.Медициналық биофизика, Қарасай, 2008

  3. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика : Учеб.для вузов 7-е изд., стереотип. - М. : Дрофа, 2004.

Қосымша әдебиеттер.

  1. Евсюк, C.Л. Физика : Учеб.пособие Минск : Книжный дом, 2006. - 556 с.

  2. Асқарова, Ә.С. Молекулалық физика : Оқулық - Алматы : Қазақ университеті, 2006. - 247 с


Оқылу және оқыту әдістері

Дәрістер: мәселелер

Тәжірибелік сабақтар: лабораториялық зерттеу жүргізу, деректер жинағымен жұмыс, компьютерлік модельдер және бағдарламалар, ЭКГ, ЭЭГ, РГ жазулары, емдік-диагностикалық аппараттармен жұмыс; (PBL-проблеманы шешуге арналған оқыту (PROBLEM-BASED LEARNING)) жеке және топпен орындаған тапсырмалар нәтижесін талдау, тестілеу, аралық бақылау жүргізу.

^ Студенттердің өзіндік жұмысы: өткен тәжірибелік сабақтарында қарастырылған сұрақтарды тереңдетіп оқу, лабораториялық тәжірибе түрінде орындалады деп көрсетілген тақырыптарды өз бетімен оқуы, компьютерлік модельдер және программалармен жұмыс, презентация мен рефераттар дайындау, шағын топтарда жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс; электрондық ақпарат тасымалдаушылармен; тест тапсырмаларын өз бетімен шешу; ғылыми рефераттар дайындау; эссе, өз бетімен оқуға арналған тақырыптар бойынша, туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңес алу.

^ Аралық бақылау: жазба жұмысы түрінде орындалады.

Қорытынды бақылау: емтихан компьютерлік тестілеу түрінде орындалады.

Бағалар шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4

95-100

«Үздік»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

^ Білім бағасының критериі.

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материлдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған,зерханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған,бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулер болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс, әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырмаған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау, СРС) кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасын жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

Пән бойынша рейтинг есептеу тәсілі және интегральді бағалауды рәсімдеу әдістемесі (ағымдық жылда ҚММУ-де бекітілген рейтингтік жүйеге сәйкес рәсімделеді.


Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconФ кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Силлабус «Медициналық биофизика» пәнінің 5B130200 «Стоматология» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген...

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconФ кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы силлабус
Силлабус “информатика” пәнінің жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрыстырылған №10 хаттама «13» 06 2007 ж

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconФ кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы силлабус
Койчубеков Берик Кенжибаевич – кафедра меңгерушісі, б.ғ. к., доцент, ғылыми қызығушылықтар саласы – динамикалық жүйелерді талдаудың...

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconПп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы силлабус
Силлабус «Информатика» пәнінің 5В110300 «Фармация» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «13» 06...

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconПп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы силлабус
Силлабус «Информатика» пәнінің 5В110100 «Мейірбеке ісі» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «13»...

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconПп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы силлабус
Силлабус «Информатика» пәнінің 5В110400 «Медико-профилактикалық ісі» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген...

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconҚарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Медициналық-биологиялық мәліметтердің ерекшелігі мен статистикалық талдаудың классикалық есептері

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconҚарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы
МАҚсаты: Студенттерді сапалы белгілерді талдау статистикалық әдістерімен таныстыру

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconҚарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Савилов Е. Д. Мамонтова Л. М. и др. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. М. «Медпресс-информ», 2004

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы iconҚарағанды мемлекеттік медицина университеті медициналық биофизика және информатика кафедрасы
МАҚсаты: Студенттерді екі кездейсоқ шамалардың арасында айырмашылығын бағалау әдістерімен таныстыру

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©zubril.ru 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы