ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» icon

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология»




Скачать 167.19 Kb.
НазваниеДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология»
Дата08.09.2013
Размер167.19 Kb.
ТипДокументы
источник

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


ДӘРІС


Тақырыбы: «АІИ кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері».


Пәні: Эпидемиология


Мамандығы: 051302 – «Стоматология»


Курс: 2


Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат




ҚАРАҒАНДЫ – 2011




Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ___1___

"___01___" _____09_____ 2011ж.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.


^ Дәрістің құрылымы


Тақырыбы: «АІИ кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері.».


Мақсаты: Ауруханаішілік инфекцияларды алдын алу мен эпидемиологиялық қадағалаудың ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру.


Дәріс жоспары:

1. Ауруханаішілік инфекциялар, жалпы сипаттамасы.

2. Ауруханаішілік инфекциялардың дамуына әсер ететін қауіп факторлары.

3. Этиологиясы.

4. Инфекция көзі, қоздырғыш резервуары, жұғу тәсілдері.

5. Инфекция қоздырғышының берілу механизмі, жолдары және факторлары.

6. АІИ жіктелуі.

7. Лабораторлық диагностикасының критерийлері.

8. АІИ алдын алудың негізгі бағыттары.


Дәріс тезистері:


Ауруханаішілік инфекциялар, жалпы сипаттамасы.


Ауруханашілік инфекциялармен күресудегі нақты жетістіктерге қарамастан еліміздегі сырқаттанушылықтың деңгей жоғары болып қалып отыр. Ауруханаішілік инфекциялардың өсуіне әсерететін барлық себептер қазіргі уақытқа дейін өзінің маңыздылығын сақтап отыр.

Тіркелген мәліметтерге қарағанда 1000 пациентке 1,5-1,9 ауруханаішілік инфекциялардың жағдайы келеді. Бірақ бұл мәліметтер инфекцияның таралуын нақты көрсетпейді. Әр таңдағы алынған зерттеулер ауруханашілік инфекциямен елемізде ауруханаға жатқызылған науқастардың 7% құрайтын көрнеді.

Ауруханашілік инфекциялар – (нозокомиальды, ауруханалық, ауруханаішілік) – медициналық мекемелерде пайда болатын, егер ол пациентте бұл мекемеге түскенше дейін болмаса (инкубациялық кезеңде де) және емдеумекемелердің ішінде немесе пациент ауруханадан шыққаннан кейін инкубациялық кезінде пайда болатын кез келген жұқпалы ауру.

Емдеу мекемелеріне келіп түспй тұрып немесе келген бетте анықталған жұқпалы аурулардың жағдайлары сырттан келген инфекциялар деп саналады. Ауруханалық инфекциялар деп кез келген стационар жағдайында пайда болған жұқпалы ауруларды санайды, яғни бұл сырттан келген және ауруханаішілік инфекциялардың қосылысы.

^ Ауруханаішілік инфекциялар – кез келген клиникалық көріністермен анықталған (микробты, вирусты немесе паразитарлы дамыған), науқасты ауруханаға түскенде зақымдайтын немесе емдеу көмегіне амбулаторлыкелгенде немесе аурухана қызметкерлеріның жұқпалы ауруы, яғни бұл мекемде жұмыс істегенде аурудың симптомдарының ауруханада болған кезінде көрінуіне байланысты емес жұқпалы аурулар.

Инфекцияның жалғасуымен немесе асқынулармен байланысты ауруханаға келген кезде болған инфекциялар аруханаішілік болып саналмайды. Инфекцияның орналасқан жерінде немесе инфекцияның ??????? жерінде жаңа қоздырғыштар пайда болса, онда оларды ауруханаішілік деп атайды.

Ауруханашілік инфекцияларды меңгерудің мақсаты кінәлі адамдарды іздеу емес, ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуының қауіпті факторларын анықтау, егер пайда болған кезде емдеу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

Ауруханашілік инфекциялардың дамуының қауіпті факторына жатады:

  • этиологиялық агентердің әртүрлілігімен;

  • стационарларда пациенттерді арнайы жағдайда тұрғызу;

  • стационардағы науқастарға тән үлкен паразитарлық мүмкіншілік тудыратын микроорганизмдердің госпитальді штамм құруы (жоғары вируленттілігі, антибиотиктерге және қолайсыз ішкі факторларға тұрақтылығы);

  • қоздырғыштың артифициальды (жасанды) берілу механизмін құру;

  • пациенттерде әртүрлі генезді иммунды тапшылықтың жағдайының болуы;

  • ауруханаішілік инфекцияларға төменгі сапалы деңгейдегі эпидемиологиялық қадағалау;

  • осы мәселе бойынша медицина қызметкерлерінің төмен квалификациясы;

  • стационардағы дезинфекциялық- стерилизациялық тәртіптің бұзылуы;

  • жоғары қауіпті топтардағы популяцияның ұлғаюы (шала туған балалар, созылмалы аурулары бар науқастар);

  • қоғамдағы демографиялық №№№ (үлкен топтардағы адамдардың санының өсуі);

  • үлкен ауруханалы әлсіз адамдардан шоғырланатын комплекстерді құру;

  • емдеу және инвазирленген диагностикалық процедураларды көбейту;

  • пациенттер денсаулығына әлеуметтік және сационарға, науқас адамдарға шығын келтіру.

Этиологиясы.

Ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары құрылымы бойынша вирустардан бастап қарапайымдыларға дейін өседі. Ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының ішіндегі ең маңыздысы бактериалар, кейбір вирустар мен саңырауқұлақтар.

Ауруханаішілік инфекциялар пайда болады:

  1. Патогенді микроорганизмдермен (ішектік, вирустық, ауа-тамшы инфекциялары), оның госпитальді штамдар, стационарда құрылмайды.

  2. Шатты-патогенді микроорганизмдермен (хирургиялық жағдайдағы инфекциялар, тыныс жолдарының инфекциялары (пневмония), зәр, қан шығару жолдарының инфекциялары, сонымен қатар басқа да инфекциялар тері және шырышты қабат инфекциялары, буын, сүйек, жүрек-тамыр, орталық жүйке жүйесі, көз, құлақ, мұрын, ауыз қуыс және т.б.).

Бұл микроорганизмдер госпитальды штамм құрайды. Ауруханаішілік инфекциялар қоздрғыштарының ішінде көп кездесетін стафилококктар, стрептококктар, грам теріс бактериялар, ішек таяқшасы, клебенелла, протен, көкіріңді таяқша және т.б.

Ауруханаішілік жұқпаларда сирек кездесетіндері псевдомонадалар, легионеллалар, ротовирустар, цитомегаловирустар және т.б.

Зәр шығару жолындағы потологиялар тек қана грам теріс микроорганизмдермен болады, тыныс жолдары инфекцияларында көк іріңді таяқша, пневнококктар, иммунды тапшылық кезінде пневмоцистер көп кездеседі.

Акушерлік стационарларда грам оң микрофлора көп кездеседі (стафилококктар, стрептококктар), психиатрия стационарларында ішек таяқшалары (сальмонеллез, шигеллездер) гостроэнтрологиялық стационарда (хеменобактериялар), хирургиялық бөлімдерде грам теріс микрофлоралар.


^ Инфекция көздері және қоздырғыштың резервуары, зақымдалу әдістері.

Инфекция қоздырғышының көздері:

  1. Медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы бактериотасымалдаушлар мен науқастар және оның ішінде аурудың жақын түрімен ауыратындар.

  2. Пациенттерді күтуші адамдар.

  3. Науқастарға келушілер (инфекция көзі ретінде рөлі көп емес).

Адам организмдердегі қоздырғыштардың резервуары:

  • жұтқыншақ;

  • нәжіс;

  • зәр;

  • қолдар;

  • ауыз-қуыс;

  • тыныс жолдарының бөліністері.

Қоздырғыштың қоршаған ортадағы резервуары:

  • жасанды тыныс беру заттыр;

  • вененың ішіне жіберетін сұйықтықтар;

  • диализ үшін су;

  • дезинфекциялық сұйықтықтар;

  • зақымдалған науқастардың және қызмет бөлмелерінің ішіндегі заттар;

  • ауа кондиционерлерінің су жүйесі;

  • су құбырындағы су;

  • су алу үшін резервуарлар;

  • парентеральді түрде қоректену үшін ерітінділер;

  • эндоскопиялық зерттеулер үшін құрал-жабдықтар;

  • катетерлер;

  • ластанған респираторлар.

Зақымдалу тәсілдері:

  1. Экзогенді зақымдалу көбінесе жасанды жолмен берілгенде тасымалдаумен байланысты (емдеу диагностикалық процедуралар), сонымен қатар табиғи жолмен беріледі.

  2. Эндогенді зақымдану пациенттің өзінің флорасына немесе медициналық мекемелер жағдайындағы пациенттердің жасанды флоарсына байланысты.


Инфекцияның қоздырғышының берілу механизмі

мен берілу жолдары.

Табиғи механизм:

  • фекальді-оральді (жанасу-тұрмыстық жол, су арқылы және тағам арқылы);

  • аэрозольді (ауа-тамшы, ауа-шаң жолдары);

  • жасанды;

  • трансмиссивті эпидемиологиялық маңызы аз;

  • вертикальді эпидемиологиялық маңызы аз;

  • жасанды (ортифициальды);

  • инвазирленген медициналық диагностикалық және емдеу шаралары;

  • бальнеологиялық процедуралар;

  • мануальді тексеру;

Қоздырғыштың берілу факторлары:

  • ауа;

  • су;

  • ылғалды орта;

  • тағамдар;

  • толық түрде стерильденген медициналық құрал-жабдықтар, оларды дұрыс сақтау немесе қолдана білу;

  • төсек-орын;

  • инфицирленген қан және олардың компонеттері;

  • инфузия үшін қолднылатын инфицирленген ерітінділер;

  • медициналық қызметкерлерің қолдары.


Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиялық процесінің

ерекшеліктері.

  1. Этиологиялық агентті және стационардың типін анықтайды.

  2. Инфекция қоздырғышының әртүрлілігі, инфекция көзі қоздырғышы ретінде іріңді хирургиялық бөлімдерінде, күйік, уралогиялық, туберкулез стационарларында науқастардың басымдылығы.

  3. Көптеген емдеу профилактикалық мекемелерінде экзогенді зақымдалудың басымдылығы, сонымен қатар инфекциялардың онкологиялық стационарларда, АИВ-инфекциясы бөлімшілерінде және басқа да типті стационарларда эндогендік пайда болуының маңызды рөлі.

  4. Әртүрлі типті стационарларды сипаттайтын контингенттердің және қауіпті факторлардың болуы.

  5. Қоршаған орта объектілерінің зақымдау.

  6. Сызба бойынша шартты патогенді флоараның айналымы, медициналық қызметкер (науқастар) --- қоршаған орта --- медициналық қызметкер (науқастар), медициналық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиялық процесін ұстау түрлері.

Қауіпті топтар:

  • 65 жастан үлкен адамдар;

  • Жаңа туған және туа біткен потологиясы бар бөлмелер;

  • Гемофилез бөлімшелеріндегі пациенттер;

  • Химиялық, сәулелік терапия алатын пациенттер;

  • Көптген күйік және жарақаттары бар пациенттер;

  • Иммунды статусы өзгерген пациенттер;

  • Үлкен көлемдегі хирургиялық төмен болған пациенттер.

Ауруханаішілік инфекциялардың жіктелуі.

Ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштың адам организмінде орналасуына, инфекцияның берілу механизмінің таралуына байланысты негізгі 4 топқа бөлінеді:

  1. Хирургиялық кірісу кезіндегі инфекциялар;

  2. Қан айналу инфекциялары;

  3. Зәр шығару органдарының инфекциялары;

  4. Тыныс алу органдарының инфекциялары (пневмония).

Одан басқа сирек кездесетін адам организмінде шоғырланатын инфекциялар да кездеседі:

  1. Буын және сүйек инфекциялары;

  2. Жүрек қан-тамыр жүйесінің инфекциялары;

  3. Тыныс алу жолдарының инфекциялары (пневмониядан басқа);

  4. Асқорту мүшелерінің инфекциялары;

  5. Көз, жұтқыншақ, мұрын және ауыз-қуыс инфекциялары;

  6. Репродуктивті органдардың инфекциялары;

  7. Орталық жүйке жүйесінің инфекциялары;

  8. Тері және жұмсақ ұлпа инфекциялары.


Ауруханаішілік инфекциялардың зертхзаналық критерилері.

  1. Микробиологиялық зерттеулер:

а) токсономиялық идентикация;

б) түр ішілік типтеу;

- биотиптеу – биохимиялық сипаттамын анықтау;

- серотиптеу – антигенді варианттарды анықтау;

- антибиотикогармма – антибиотиктерге сезімталдықты анықтау;

- феготиптеу – арнайы бактериологиялық фагаларға анықтау;

в) жұғындарды микроскопиялық зерттеу;

г) клиникалық материалдардың микроскопиясы: қан, нәжіс, зәр, ірің, экссудат.

  1. Серологиялық зерттеулер:

  • флюореценция әдісі;

  • молекулярлық әдіс (ПЦР, ДНК-ны зерттеу және т.б.)


Ауруханаішілік инфекцияларды алдын алу шаралары.

Ауруханаішілік инфекцияларды алдын алу шараларының мақсаты медицина қызметкерлері және пациенттер арасында ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуын, мекемелерде медициналық құрал-жабдықтарда және қоршаған ортада қоздырғыштың болмауын, жүйелі санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, ескерту болып табылады.

Алдын алу шараларын 2 топқа бөледі:

  1. Арнайы профилактика.

  2. Арнайы емес профилактика.

Арнайы профилактикаға жатады:

а) жоспарлы иммунизация, активті және пассивті;

б) жедел, пассивті, иммунды диагностика және иммунды коррекция.

Арнайы емес профилактикаға жатады:

а) архитектуралы-жоспарлы шаралар (қабаттар бойынша бөлімшелерді рациональды орналастыру, аймақты зоналау, секцияны, палатаны, операциялық блокты және т.б. оңашалау, қызметкерлер мен науқастардың келуін дұрыс сақтау;

б) санитарлық-технологиялық шаралар(стационарлау, желдету, ауа жіберу, ламинарлы қондырғылар);

в) дезинфекциялы-стерильді шаралар (химиялық заттарды қолдану, физикалық әдістерді қолдану, механикалық өңдеу, жоғарғы температура, УФ-сәуле, гамма сәуле);

г) санитарлық эпидемияға қарсы шаралар (қызметкерлер мен науқастар арасында санитарлық ағарту жұмыстары, стационарда санитарлық тәртіпті бақылау, қызметкерлер мен науқастар арасында тасымалдаушыларды анықтау, ауруханаішілік ортаның бактериологиялық жұқтыруын бақылау).

Ауруханаішілік инфекцияларды алдын алудағы негізгі бағыттар:

  1. Ауруханаішілік инфекцияға эпидемиологиялық қадағалау жүйесін оптимациялау.

  2. Ауруханаішілік инфекцияның мониторингі және зертханалық диагностиканы жетілдіру.

  3. Дезинфекциялық шаралардың тиімділігін арттыру.

  4. Стерилизациялық шаралардың тиімділігін арттыру;

  5. Антибиотиктер мен химиялық препараттарды қолданудың тактикасын және стратегиясын дайындау.

  6. Госпитальді гигиенаның негізгі принциптерін рационалдау.

  7. Медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік инфекцияларының алдын алу принциптерінің оптиматизациясы.

  8. Ауруханаішілік инфекцияларды алдын алудағы экономикалық тиімділікті бағалау.


^ Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиялық қадағалауының

жүйесін оптиматизациялау.

Эпидемиологиялық қадағалау ауруханаішілік инфекциялармен күресудегі алдын алудың негізгі жетіспеушіліктерінің бірі болып табылады. Тек эпидемиялық процестің динамикасына инфекциялар қоздырғыштарының таралуын, олардың алдын алуына әсер ететін фаторлары мен жағдайларына қадағалау жасалуын, алынған мәліметтерді сараптау ауруханаішілік инфекциялармен күресудегі және оларды алдын алудағы шаралар жүйесінің ғылыми өңдеулері болып табылады. Эпидемиологиялық қадағалау ақпараттардың №№№№берілуін және сараптамаларын оденватты басқарма шешімдерімен әртүрлі емдеу профилактикалық мәселерінің есебін қамтамасыз етеді.

Эпидемиологиялық қадағалаудың мақсаты жоспарлау үшін қажетті ақпараттарды стационарда жинаушы эпидемиологиялық жағдайды бағалау, эпидемияға қарсы шаралар мен алдын алу шараларын рацинальды жүргізу, сонымен қатар басқарма шешімдер қабылдау үшін ақпараттарды сараптау және беру болып табылады.

Эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу қарастырады:

  • ауруханаішілік инфекциялардың стандартты жағдайын анықтау негізінде ауруханаішілік инфекцияларды тіркеу және есебін қамтамасыз ету;

  • әртүрлі типті стационарларда жеке котегориялы пациенттердің ауруханаішілік инфекциялармен инфицирленуінің қауіпті факторын анықтау;

  • инфекцияның таралуына әсер етеін жетекші себептер мен факторларды ошақтан сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық сараптамасын жасау;

  • медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік инфекцияларымен сырқаттанушылығының эпидемиологиялық срапатамасы (аурудың динамикасы, деңгейі, этиологиялық құрылымы, потологиялық процестің шоғырлануы, эпидемиологиялық маңызды штамдардың микроорганизмдердің тасымалдануы);

  • ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштарына микробиологиялық мониторинг жасау, науқастардан бөлінген, өлген адамдардан, медициналық қызметкерлерінен және қоршаған орта объектілерінен бөлінген микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін оқып білу және анықтау;

  • рациональды стратегия мен антибиотиктерді қолдану тактикасының өңдеулері үшін микроорганизмдердің тұрақтылық спектрін анықтау;

  • әртүрлі стационарларда эпидемиялық жағдайлардың асқыну белгілерін анықтау;

  • жүргізілген эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін бағалау.


^ Медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік инфекцияларының профилактикасы.


Кәсіптік деңгеймен байланысты медициналық қызметкерлердің инфекциялық аурулары бұл ауруханаішілік инфекциялардың үлкен көлемі.

Медицина қызметкерлердің зақымдалуына көптеген факторлар әсер етеді. Емдеу мекемелерінің өзара экологиялық жағдайы, шектелген аймақтарда әлсізденген адамдардың көптеген консентрациясы (палаталарда, бөлімшелерде), стационарлардағы микробты пейзаж, көптеген инфекция көздерінің болуы (науқастар мен тасымалдаушылар) пациенттер арасындағы, медицина қызметкерлері арасындағы потенциальді инфекция көзінің болуы, еліміздегі тұрғындар арасындағы эпидемиялық жағдайдың нашарлауы, АИВ инфекциясымен сырқаттанудың өсуі, вирусты гепатит В, С және т.б. инфекциялардың өсуі, инвазивті енгізудің агрессиялық валы, цито№о№№№ мен антибиотиктерді кеңінен қолдану, шырышты қабаттың биоценозын және тері қабатының саңырауқұлақтары мен микроорганизмдерге енуінің ашылу жолы, ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының микроорганизмдер эволюциясының темтік жылдамдату.

^ Медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік инфекцияларының профилактикасы қарастырады.

  1. Арнайы профилактика. Егу – бұл ВГВ, күл және сіреспемен күресудегі стратегиялық бағыт. Гепатит В-ға қарсы егуге барлық медицина қызметкерлері, яғни медициналық жоғары оқу орындары мен училищенің 1-ші курсынан бастап жатады. Гепатит В-ға қарсы егумен біз гепатит Д-ға қарсы егілгендердің бір уақытта қорғаймыз және алғашқы гепотоцеллюлерлы №№№№№№ қорғаймыз.Күл мен сіреспеге қарсы 10 жылда бір рет медицина қызметкерлерін №№№№№ міндетті түрде жасау керек. Егілмегендерді және ауырмаған адамдарды қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы егу керек.

  2. ауруханаішілік инфекциялармен медицина қызметкерлерінің зақымдалуын алдын алудағы ең маңызды бағыттардың бірі – артифициалды зақымдалуды ескерту. Бұл жерде жеке бас тұлғаның қорғаныс шараларын сақтау керек, әсіресе инвазирленген медициналық монипуляцияны жүргізгенде, қолдың қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен зақымдалған кезінде сақтау керек.

  3. Стационарларда зақымдалудың қауіпін тудыратын авариялық жағдайларда, микробиологиялық зерттеулерде, химиялық препараттармен немесе антибиотиктермен жедел профилактика жүргізу керек. Оны аса қауіпті инфекцияларда (оба, тырысқақ, АИВ-инфекциясы) тағайындайды.

Медицина қызметкерлерінің профилактикасы ретіндегі бағдарлама ұымдастыру, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың жүйесін құрайды:

  1. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жоспарлы түрде медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдағанда инфекцияның болуына скренинг жасау.

  2. Қызметкерлерді жұмысқа алу үшін критерилер дайындау, жұмыстан босату, кәсіптік шұғылдануды азайту. Мысалы, АИВ-инфекциялары бар хирургтерді не істеу керек? Амбулаторияда олар жұмыстан босатылады, АҚШ-дав пациенттің келісімі бойынша операция жасауына болады.

  3. Әр стационардағы қауіпті топтар мен кәсіптік қауіпті факторларды анықтау.

  4. Емдеу және диагностикалық процедуралардың орындалуына стандартты технологияны дайындау.

  5. Медицициналық қызметкерлерді егу.

  6. Медициналық қызметкерлерді диспансерлік тексеру және эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.

  7. Аурухананың басқару міндеттерін және денсаулық сақтау реформасы жағдайының жұмыс атқаруға қажетті ресурстарды анықтау.

  8. Әртүрлі типті стационарларда ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға қызметкерлерді оқыту, дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлерін ақыту.


Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)

Слайдтар

Кестелер


Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Әміреев С.А. Эпидемиология Учебное пособие – Алматы. – 2005. - 2 том. – 693с.

  2. Белозеров Ю.М., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учебное пособие для леч. и пед. фак. медвузов. Элиста: Джангар. – 2005. 136с.

  3. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. Учебник для медицинских вузов. 2-е издание., испр – М.- ГЭОТАР – МЕД, 2008. – 816с.

  4. Матеишен Р.С., Кравец Б.В., Суторин Ю.В. Военная эпидемиология: Учеб. Пособие для медвузов. – Ростов н/Д: Феникс, 2006. – 186с.

  5. Насухин Ш.Б. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы: Оқу құралы/ БҚММА. – Ақтөбе:Б.И., 2006.


Қосымша :

  1. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. 1 т. Алматы, 2007.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008.

  3. Ющук Н.Д. Мартынов Ю.В. Краткий курс эпидемиологии. (схемы, таблицы). - М.: «Медицина», 2005.

  4. Противоэпидемический режим и методика эпидемиологического обследования очагов кишечных инфекций:Учеб.-метод. пос./КГМА;К.Б.Оспанова, Ф.М.Шайзадина, П.М.Брицкая, А.И.Лавриненко.-Караганда, 2007.-63с.

  5. Утибаева Р.А. Учение академика Е.Н.Павловского о природной очаговости болезней человека и животных:Учеб.-метод. пособие/КГМА;Р.А.Утибаева.-Караганда:КГМА,2007.

  6. Шайзадина Ф.М. Противоэпидемический режим и методика эпидемиологического обследования детских учреждений:Учеб.-метод. пос./КГМА; Ф.М.Шайзадина – Караганда: КГМА, 2005.

  7. Эпидемиологические методы исследования, эпиддиагностика: Методическое пособие/ КГМА; Оспанова К.Б., Лапшина Л.Н., Брицкая Т.М., Шайзадина Ф.М. и т.д. – Караганда: КГМА, 2003 – 77с.

  8. Санитарно-эпидемиологический режим в стоматологии: Методические рекомендации/ КГМА; Оспанова К.Б., Аликова Л.М., Ким З., Лавриненко А.И. и т.д. – Караганда: КГМА, 2003 – 30с.

  9. Кулешова Л.И. Инфекционная безопасность в лечебно-профилактических учреждений: Учеб. Пос. Для ссузов.//Ростов на Дону, 2005. – 316с.


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)

1. Ауруханаішілік инфекциялар, жалпы сипаттамасы.

2. Ауруханаішілік инфекциялардың дамуына әсер ететін қауіп факторлары.

3. Этиологиясы.

4. Инфекция көзі, қоздырғыш резервуары, жұғу тәсілдері.

5. Инфекция қоздырғышының берілу механизмі, жолдары және факторлары.

6. АІИ жіктелуі.

7. Лабораторлық диагностикасының критерийлері.

8. АІИ алдын алудың негізгі бағыттары.

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconҚарағанды – 2011
Тақырыбы: «Парентеральді гепатиттер және аив/житс кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері»

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconҚарағанды – 2011
Тақырыбы: «Аэрозольдік инфекциялар (коккалық форма, ұшық инфекциясы) кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру...

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconҚарағанды – 2011
Тақырыбы: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР-сының кодексі. Жеке нозологиялық формалардың эпидемиологиялық...

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconДӘріс тақырыбы: «Инфекциялық аурулар кезінде алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар принципі». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология»
Мақсаты: жұқпалы аурулардағы профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың принциптерін меңгеру

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина университеті эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы ДӘріс кредит 3 Тақырыбы: «аіи өршулерін эпидемиологиялық мұқият тексеру»
Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалаудың мен алдын-алудың ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін...

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconДӘріс 5 Кредит Тақырыбы
Тақырыбы: «Обаның қазіргі кездегі эпизоотологиялық және эпидемиологиялық жағдайы. Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.»

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconДӘріс тақырыбы: «Инфекциялық аурулар иммунопрофилактикасы. ҚР Ұлттық егу күнтізбесі». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология»
Жеке инфекция топтарында алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі иммунопрофилактиканың орны

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconДӘріс 4 Кредит Тақырыбы
Тақырыбы: «Тырысқаққа эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу шаралары.»

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconДӘріс 3 Кредит Тақырыбы
Тақырыбы: «Қазіргі жағдайдағы күлдің эпидемиялық процесінің ерекшеліктері және эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру»

ДӘріс тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері». Пәні: Эпидемиология Мамандығы: 051302 – «Стоматология» iconДӘріс 4 Кредит Тақырыбы
Тақырыбы: «Фекальді-оральді механизммен берілетін а және е вирусты гепатиттер. Этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы. Эпидемиологиялық...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©zubril.ru 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы