Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» icon

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы»




Скачать 98.73 Kb.
НазваниеТақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы»
Дата06.09.2013
Размер98.73 Kb.
ТипДокументы
источник


Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


ДӘРІС


1 Кредит


Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы».


Пәні: «Емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау»


Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»


Курс: 4


Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат




^

ҚАРАҒАНДЫ – 2011ж.




Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ___1___

"___01___" _____09_____ 2011ж.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.


Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы».


Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалаудың әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру


Дәріс жоспары:

  1. «Ауруханаішілік инфекция» түсінігіне анықтама.

  2. Нозокомиальді инфекциялардың түрлері.

  3. Госпитальді штамның қалыптасуы.

  4. АІИ этиологиясы.


Дәріс тезистері:


Ауруханашілік инфекциялармен күресудегі нақты жетістіктерге қарамастан еліміздегі сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары болып қалып отыр. Ауруханаішілік инфекциялардың өсуіне әсерететін барлық себептер қазіргі уақытқа дейін өзінің маңыздылығын сақтап отыр.

Тіркелген мәліметтерге қарағанда 1000 пациентке 1,5-1,9 ауруханаішілік инфекциялардың жағдайы келеді. Бірақ бұл мәліметтер инфекцияның таралуын нақты көрсетпейді. Әр таңдағы алынған зерттеулер ауруханашілік инфекциямен елімізде ауруханаға жатқызылған науқастардың 7% құрайтыны мәлім.

Ауруханашілік инфекциялар – (нозокомиальды, ауруханалық, ауруханаішілік) – медициналық мекемелерде пайда болатын, егер ол пациентте бұл мекемеге түскенге дейін болмаса (инкубациялық кезеңде де) және емдеу мекемелердің ішінде немесе пациент ауруханадан шыққаннан кейін инкубациялық кезеңде пайда болатын кез келген жұқпалы ауру.

Емдеу мекемелеріне келіп түспей тұрып немесе келген бетте анықталған жұқпалы аурулардың жағдайлары сырттан келген инфекциялар деп саналады. Ауруханалық инфекциялар деп кез келген стационар жағдайында пайда болған жұқпалы ауруларды санайды, яғни бұл сырттан келген және ауруханаішілік инфекциялардың қосылысы.

^ Ауруханаішілік инфекциялар – кез келген клиникалық көріністермен анықталған (микробты, вирусты немесе паразитарлы дамыған), науқасты ауруханаға түскенде зақымдайтын немесе емдеу көмегіне амбулаторлы келгенде немесе аурухана қызметкерлерінің жұқпалы ауруы, яғни бұл мекемеде жұмыс істегенде аурудың симптомдарының ауруханада болған кезінде көрінуіне байланысты емес жұқпалы аурулар.

Инфекцияның жалғасуымен немесе асқынулармен байланысты ауруханаға келген кезде болған инфекциялар аруханаішілік болып саналмайды. Инфекцияның орналасқан жерінде немесе инфекцияның жерінде жаңа қоздырғыштар пайда болса, онда оларды ауруханаішілік деп атайды.

Ауруханашілік инфекцияларды меңгерудің мақсаты кінәлі адамдарды іздеу емес, ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуының қауіпті факторларын анықтау, егер пайда болған кезде емдеу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

Ауруханашілік инфекциялардың дамуының қауіпті факторына жатады:

  • этиологиялық агентердің әртүрлілігімен;

  • стационарларда пациенттерді арнайы жағдайда тұрғызу;

  • стационардағы науқастарға тән үлкен паразитарлық мүмкіншілік тудыратын микроорганизмдердің госпитальді штамм құруы (жоғары вируленттілігі, антибиотиктерге және қолайсыз ішкі факторларға тұрақтылығы);

  • қоздырғыштың артифициальды (жасанды) берілу механизмін құру;

  • пациенттерде әртүрлі генезді иммунды тапшылықтың жағдайының болуы;

  • ауруханаішілік инфекцияларға төменгі сапалы деңгейдегі эпидемиологиялық қадағалау;

  • осы мәселе бойынша медицина қызметкерлерінің төмен квалификациясы;

  • стационардағы дезинфекциялық- стерилизациялық тәртіптің бұзылуы;

  • жоғары қауіпті топтардағы популяцияның ұлғаюы (шала туған балалар, созылмалы аурулары бар науқастар);

  • қоғамдағы демография (үлкен топтардағы адамдардың санының өсуі);

  • үлкен ауруханада әлсіз адамдардан шоғырланатын кешендерді құру;

  • емдеу және инвазирленген диагностикалық процедураларды көбейту;

  • пациенттер денсаулығына және сационарға, науқас адамдарға әлеуметтік шығын келтіру.

Этиологиясы.

Ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары құрылымы бойынша вирустардан бастап қарапайымдыларға дейін өседі. Ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының ішіндегі ең маңыздысы бактериялар, кейбір вирустар мен саңырауқұлақтар.

Ауруханаішілік инфекциялар пайда болады:

  1. Патогенді микроорганизмдермен (ішектік, вирустық, ауа-тамшы инфекциялары), оның госпитальді штамдар, стационарда құрылмайды.

  2. Шартты-патогенді микроорганизмдермен (хирургиялық жағдайдағы инфекциялар, тыныс жолдарының инфекциялары (пневмония), зәр, қан шығару жолдарының инфекциялары, сонымен қатар басқа да инфекциялар, тері және шырышты қабат инфекциялары, буын, сүйек, жүрек-тамыр, орталық жүйке жүйесі, көз, құлақ, мұрын, ауыз қуыс және т.б.).

Бұл микроорганизмдер госпитальды штамм құрайды. Ауруханаішілік инфекциялар қоздрғыштарының ішінде көп кездесетін стафилококктар, стрептококктар, грам теріс бактериялар, ішек таяқшасы, клебсиелла, протей, көкіріңді таяқша және т.б.

Ауруханаішілік жұқпаларда сирек кездесетіндері псевдомонадалар, легионеллалар, ротовирустар, цитомегаловирустар және т.б.

Зәр шығару жолындағы патологиялар тек қана грам теріс микроорганизмдермен болады, тыныс жолдары инфекцияларында көк іріңді таяқша, пневмококктар, иммунды тапшылық кезінде пневмоцистер көп кездеседі.

Акушерлік стационарларда грам оң микрофлора көп кездеседі (стафилококктар, стрептококктар), психиатрия стационарларында ішек таяқшалары (сальмонеллез, шигеллездер) гастроэнтерологиялық стационарда (хеменобактериялар), хирургиялық бөлімдерде грам теріс микрофлоралар.

Ауруханаішілік инфекцияларының нозологиялық құрылымы айқын өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы Қостанай облысында:

  • 8,3% - іріңді септикалық инфекциялардың (ІСИ) генерализденген формалары құрайды;

  • 63,5% - шоғырланған формалары

  • 23,% - кәдімгі формалары

  • 4,8% - іштей біткен формалары

ІСИ шоғырланған формаларының құрылымы төмендегідей берілген:

  • 55,6% - көз инфекциялары

  • 25,4% - тері және тері асты қабатының инфекциялары

  • 8,4% - кіндік жарасының инфекциялары

  • 7,5% - зәр шығару жолдарының инфекциялары

  • 0,6% - инфекциядан кейінгі асқынулар

  • 2,5% - пневманиялар


Барлыќ ЕПМ-дегі АІИ-ды есепке алу мен тіркеу келесі т‰рде ж‰ргізіледі:

    • АІИ-њ әрќайсысы туралы толыќ аќпарат беру жауапкершілігі ЕПМ-њ басшысына жүктеледі;

    • Барлыќ АІИ жағдайлары күн сайын ЕПМ-де инфекциялық ауруларды есепке алу журналында есепке алынады.

    • Барлық жағдайлар №060 инфекциялық аурулар журналында тіркеледі және ақпаратты қаланың МСЭББ-на жеткізеді.

    • Барлық ЕПМ, паталого-анатомиялық қызметтер соңғы диагнозды МСЭҚБ эпидемиологиялық бөліміне жеткізіледі.

    • МСЭҚБ соңғы диагнозы шығарылғаннан кейінгі АІИ мәліметтері ЕПМ-ге жіберіледі.

    • МСЭҚБ АІИ-ға оперативті және ретроспективті талдау жасап, ай сайын МСЭҚБ-на талдау мәліметтерін жеткізеді.

    • Патолого-анатомиялық қызмет ай сайын АІИ-ң летальді жағдайларындағы талдау мәліметтерін МСЭҚБ-ға жібереді.

    • МСЭҚБ АІИ-ға талдау жасап, қала бойынша ай сайын ақпаратты жоғары тұрған мекемелерге жібереді.

Топтық аурулар туындағанда, эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, оның мақсаты, АІИ көзін, жұғу жолдарын, факторларын, себептерін анықтау болып саналады.

    1. АІИ-ң этиологиясын талдау.

АІИ–ң этиологиясын бекіту емдеудің рационалды әдістерін таңдау, стацонарларда эпидемиологиялық жағдайды бағалау, эпидемияға қарсы, профилактикалық шаралар ұйымдастыру үшін өте маңызды.

Этиологияны талдау үшін келесілер жүргізіледі:

    • микроорганизмдері бар науқастан алынған патологиялық материалды микробиологиялық зерттеу;

    • бөлініп алынған микроорганизмдері идентификациялау;

    • бөлініп алынған штаммдардың антибиотиктерге сезімталдық спектрін анықтау;

    • науқас сарысуында спецификалық антиденелерді анықтау;

Шартты-патогенді микроорганизмдердің этиологиялық ролі келесі белгілеумен негізделуі мүмкін: қоздырғыштың патологиялық материалдан бөлінуі, бөліну массивтілігі, қайта зерттеу кезінде берілген микроорганизмнің болуы, науқас организмінде спецификалық, иммунологиялық жылжулардың болуы.

^ Инфекция көздері және қоздырғыштың резервуары, зақымдалу әдістері.

Инфекция қоздырғышының көздері:

  1. Медицина қызметкерлері мен науқастар арасындағы бактериотасымалдаушлар мен науқастар және оның ішінде аурудың жақын түрімен ауыратындар.

  2. Пациенттерді күтуші адамдар.

  3. Науқастарға келушілер (инфекция көзі ретінде рөлі көп емес).

Адам организмдеріндегі қоздырғыштардың резервуары:

  • жұтқыншақ;

  • нәжіс;

  • зәр;

  • қолдар;

  • ауыз-қуысы;

  • тыныс жолдарының бөліністері.

Қоздырғыштың қоршаған ортадағы резервуары:

  • жасанды тыныс беру заттары;

  • вененың ішіне жіберетін сұйықтықтар;

  • диализге арналған су;

  • дезинфекциялық сұйықтықтар;

  • зақымдалған науқастардың және қызмет бөлмелерінің ішіндегі заттары;

  • ауа кондиционерлерінің су жүйесі;

  • су құбырындағы су;

  • су алуға арналған резервуарлары;

  • парентеральді түрде қоректендіру ерітінділері;

  • эндоскопиялық зерттеулер үшін құрал-жабдықтар;

  • катетерлер;

  • ластанған респираторлар.

Зақымдалу тәсілдері:

  1. Экзогенді зақымдалу көбінесе жасанды жолмен берілгенде тасымалдаумен байланысты (емдеу диагностикалық процедуралар), сонымен қатар табиғи жолмен беріледі.

  2. Эндогенді зақымдану пациенттің өзінің флорасына немесе медициналық мекемелер жағдайындағы пациенттердің жасанды флорасына байланысты.


Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиялық процесінің

ерекшеліктері.

  1. Этиологиялық агентті және стационардың типін анықтайды.

  2. Инфекция қоздырғышының әртүрлілігі, инфекция көзі қоздырғышы ретінде іріңді хирургиялық бөлімдерінде, күйік, урологиялық, туберкулез стационарларында науқастардың басымдылығы.

  3. Көптеген емдеу профилактикалық мекемелерінде экзогенді зақымдалудың басымдылығы, сонымен қатар инфекциялардың онкологиялық стационарларда, АИВ-инфекциясы бөлімшілерінде және басқа да типті стационарларда эндогендік пайда болуының маңызды рөлі.

  4. Әртүрлі типті стационарларды сипаттайтын контингенттердің және қауіпті факторлардың болуы.

  5. Қоршаған орта объектілерінің зақымдалуы.

  6. Сызба бойынша шартты патогенді флораның айналымы, медициналық қызметкер (науқастар) --- қоршаған орта --- медициналық қызметкер (науқастар), медициналық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиялық процесін ұстау түрлері.

Қауіпті топтар:

  • 65 жастан үлкен адамдар;

  • Жаңа туған және туа біткен патологиясы бар нәрестелер;

  • Гемодиализ бөлімшелеріндегі пациенттер;

  • Химиялық, сәулелік терапия алатын пациенттер;

  • Көптеген күйік және жарақаттары бар пациенттер;

  • Иммунды статусы өзгерген пациенттер;

  • Үлкен көлемдегі хирургиялық пациенттер.



Иллюстрациялы материалдар: (слайдтар)


Әдебиеттер

  • Внутрибольничная инфекция: учебное пособие / под. Ред. В.Л. Осиповой.- М., 2009,- 200с.

  • Шкатова Е.Ю., Морозкова О.А. Инфекционная безопасность в ЛПУ. Феникс, 2008.- 240 с.


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)


  1. «Ауруханаішілік инфекция» түсінігіне анықтама

  2. Ауруханаішілік инфекциялардың түрлерін атаңыз.

  3. АІИ этиологиясы.

  4. Госпитальді штамның қалыптасу жағдайын атаңыз.


Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconДӘріс 4 Кредит Тақырыбы: «Акушерияда инфекциялық бақылауды ұйымдастыру». Пәні: «Емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау»
Мақсаты: Акушерства және гинекология стационарларында инфекциялық бақылауды ұйымдастырудың негізін меңгеру

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconДӘріс 4 Кредит Тақырыбы: «ЕПҰ зертханаларында инфекциялық бақылауды ұйымдастыру». Пәні: «Емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау»
Мақсаты: епұ зертханаларындағы инфекциялық бақылауды ұйымдастыру негіздерін ұғыну

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconИнфекциялық аурулар жеке ғылыми және клиникалық пән ретінде. Инфекциялық қызмет құрылымы. Инфекциялық науқастарды диагностикалау принуциптері және емдеу әдістері
Мақсаты: Студенттерді «инфекция», «инфекциялық процесс», «инфекциялық ауру» жұқпалы қызметтің құрылымы мен, жұқпалы аурулардың анықтау...

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconФ кгму 4/3 – 04/04
Тақырыбы: «Ауыз судың сапасын нормалаудың ғылыми негіздері. Су инфекциялық және инфекциялық емес текті сырқаттанушылықтың факторы...

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconТақырыбы: Қазақстанда инфекциялық қызметтің қалыптасу тарихы. Мамандығы
Тапсырманы орындау талаптары: ҚР қазіргі тәуелсіз мемлекеттің инфекциялық қызметтерін презентация мәліметтерінде көрсету

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconДӘріс 1 Кредит Тақырыбы: «Инфекциялық ауру кезінде изоляциялау». Пәні: «Емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау»
Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалаудың әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті
Тақырып: Инфекциялыќ ‰дерістіњ жалпы морфологиясы. Инфекциялық ауруларды дамытатын биологиялық және әлеуметтік факторлар. Инфекциялық...

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconҚарағанды мемлекеттік медициналық университеті
Мақсаты: Оба, туляремия, бруцеллез және патологиялық анатомиясын, асқынуларының маңызы және инфекциялық үрдістің белгілерімен негізгі...

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconТақырыбы: Жұқпалы аурулардың зерттеу, емдеу,профилактикалық принциптері. Пәні
Мақсаты: Инфекциялық аурулардың диагностиканың негізгі әдістерімен студенттерді таныстыру, сонымен қатар жайылған инфекциялық аурулардың...

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың маңызы» iconДәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасы ДӘріс тақырыбы: «Инфекциялық қабыну аурулардың үнемді антибактериалық терапиясының негізгі принциптері»
Тақырыбы: «Инфекциялық қабыну аурулардың үнемді антибактериалық терапиясының негізгі принциптері»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©zubril.ru 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы