Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы icon

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы




Скачать 221.65 Kb.
НазваниеФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Дата06.09.2013
Размер221.65 Kb.
ТипДокументы
источник

Ф КГМА 4/3-04/02

ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы


дәріс


Тақырыбы: Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.

Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»

Пән: «Әлеуметтану»

Курс: 2

Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат


Қарағанды – 2009ж.

Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген

Хаттама №_____ «_____»__________200_ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К. Никитина



  • Тақырыбы: Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.

  • Мақсаты: студенттерді нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасымен таныстыру. Ақпараттарды өңдеу әдісін түсіндіру. Оларға әлеуметтанулық зерттеулердің мәнін түсіндіру.

  • Дәріс жоспары:

  1. Нақты әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.

  2. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.

  3. Зерттеу бағдарламасының құрылымы.

  4. Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері

  • Дәріс тезистері:

Социологиялық зерттеу - нақты теориалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориалық және эмперикалық рәсәмдер жүйесі.

Социорлогиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;

а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;

ә) зерттеу субъектісі;

б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;

в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар

Социологиялы зерттеу түрлері мыналарға байланысты:

1. Мақсаты және теорилық бағдары. Мұнда олар:

а) статистикалық; б) тәжірибелік; в) типалогиялық; г) тарихи болуы мүмкін; д) кейбір таңдамалы оқиғаларды зертеу мақсатында жүргізілуі мүмкін ( монографиялық сипаттама).

2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері; материалды таңдау әдісі. Мұнда олар; а) барлау ( сынау, пилотажды, зондажды ) б) сипаттамалық ( сарапшылардың сауалнамасы, мақсаты сипаттама, объекті туралы түсінік ); в) талдамалық ( себептік байланыстарды сипаттау және анықтау ) болуы мүмкін.

Барлау арқылы зерттеу - нақты - социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарла мен көлемі бойынша сығындалған құралдарға ( сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы және басқалары ) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір түрі - экспресс - сауалнама.

Сипаттамалық зерттеу нақты - социологиялық зерттеудің күрделірек түрі; ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық мәліметтер алуды көздейді.

Талдама зертеу - социологиялық талдаудың ең күрделі түрі, ол зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат етеді; бұл зертеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.

3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады: а) бір жолғы, нүктелік; б) қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар - сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі - бір уақыт арқылы; в) лонгитюдті ( объектіні ұзақ уақыт кезең - кезеңмен бақылау ) .

Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Бағдарлама - кезең - кезеңмен бағдарламалаудан және ғылыми - тәжірибелік зертеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы тұжырымдамасын жазу.

Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:

1. Не істеу керек.

2. Ойлаған нәрселерді немен орындау керек.

3. Ойлағандарды қалай орындау керек.

Бағдарламаның функциялары:

1. Теориялық - әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.

2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға,

сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажеттті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мумкіндік береді.

3. Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде жоспарлауға мүмкіндік береді.

Оны жасауға кірісуден бұрын мыналарды істеу қажет:

1. Зерттеуге жататын жағдайға диагностика жасау ( мысалы, қазіргі заманғы орта мектептің жай - күйі зерттеледі ).

2. Проблематизация жүргізу - дәл осы сәттегі нақты шешілетінді анықтау ( кадр құрамы, оқушыларды мектеп партасына қайтару ).

3. Кейіннен шешу қажет болатын негізгі мәселерді белгілеу.

4. Егер тапсырыс беруші бар болса, алдын - ала зерттеудің мақсатын, мерзімін келісу.

5. Есеп беру формасын анықтау.

6. Зертеу тақырыбын тұжырымдау.

Зерттеу тақырыбы - проблемалардың ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде қойылатын контурды белгілеу, қандайда бір шешім қабылдау үшін өзінің бағыты болуы керек.

Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге бағытталады. Проблема - адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі туралы білімі мен осы әрекеттерді ісіке асыру жолдарын, құралдарымен әдістерін білмеуі арасындағы қарама - қайшылық.

Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір социологиялық зерттеу шнгінде бірнеше проблеманы белгілеуде дұрыс емес.

Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп көрсетіледі:

1.Проблемалық ахуалдыпайымдау;

2. Проблемены тұжырымдау ( әзіплеу)

Проблемалық ахуал – бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-қайшылылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм).

Проблемалық ахуалды алдын – ала талдау:

а) сырттай бақылау;

б) проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;

в) құжаттарды, оның ішінде ведомоствалық құжаттарды, алдыңғы социологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау;

г) сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің қызметкерлерімен) еркін интервью.

Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып табылады.

1. Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады. Сұрақ: Осындай және басқа құбылыстардың себептері қандай?

Қойылымы: осының және осының шешу тәсілдерін табу. Факторлардың осы тобын түсіндіретін үлгіні жасайды.

Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни зерттеу объектісі мен пәнін анықтау арқылы алынса, болжанатын болып табылады.

Зерттеу объектісі – танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы немесе аясы.

Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс анықтаудың маңызы зор.

Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің жақтары, сондай-ақ әлеуметтік проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама- қайшылықтарды барынша толығырақ бейнелейтін объектінің қасиеттері алға шығады.

Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен қатар міндетті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдау да жатады. Гипотеза – қандай да бір фактіні, құбылыстар мен прпоцестерді түсіндіру үшін жасалатын ғылыми болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде тұжырымдалуы мүмкін.

Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу объектісін құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі, ауқымдылығы, қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан соцологтар объектіден зерттелетін жиынтық алынатын «іріктеу» операциясын жүргізеді. Бағдарламада бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу жобасының сипаттамасында көрсетіледі.

Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.

Басты - осы зерттеуге «қажет» , қажетті адамдардың барша жиынтығы. Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қалажәне с.с-лар қызметкерлерінің барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайды әрі қымбатқа түседі, сондықтан репрезантативті іріктеуге жүгінуге тура келеді – басты іріктеуге сәйкес келетін өлшемдер бойынша зерттелетін құрамның осы немесе басқа өкілдіктері.

Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс.

Іріктелген жиынтық – берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі – бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама, интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады.

Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады.

Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін.

Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді.

Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі.

^ Социологиялық зерттеу әдістері.

Социологияның өз саласында әр түрлі тұрғыдан пайдаланылатын сан алуан әдістері бар. Олардың бір бөлігі этнографиядан, статистикадан, психологиядан алынған, көпшілігі социологиялық танымдық іздестіру құралының сипатын дарытқан.

Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу ( ауызша - интервью, жазбаша –саалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу).

Осы әдістердің сипаттамасына қысқаша тоқтала кетейік.

Құжаттарды талдау. Құжат - мәтінді, таспада, дискетте және с.с-да белгіленген ақпаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.

Құжат түрлерінің жіктемесі:

НЕГІЗ

ТҮРЛЕРІ

^ МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ

1.Белгілеу тәсілі

Мәтәндік иконографилық статистикалық фонетикалық

Өнер, баспа, фото киноқұжаттар, магнитафон, жазбалар, ЦСУ (ОБЖ) жинақтары

2. Мәртебесі (авторлық)

Ресми

Бейресми

Қаулы, бұйрықтар, жоспарлар, хаттар, күнделіктер

3.Бірегейлену дәрежесі

Жеке

Жеке емес

Өмірбаяндар, сауалнамалар, шағымдар және басқалар; есептер, анықтамалар, мұрағаттар

4. Функциональды

Ақпараттық

Реттегіш

Статистикалық есептер, заттама, бұйрықтар, телефонограммалар

5. Мазмұны

Тарихи

Құқықтық

Экономикалық және басқалары

Оқиғаны сипаттау, оқиғаны бағалау жағдайды белгілеу

6. Ақпаратқа жақындық дәрежесі

Бастапқы

қосалқы

Стенограммалар анықтамалар, жинақтаулар



Құжаттарды талдау кезінде ресми құжардың ресми емес құжаттарға қарағанда барынша шынайы; жеке құжаттардың, жеке емес құжаттарға қарағанда сенімді, бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте сақталғаны жөн.

Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда: жалпы және арнайы) және қалыпқа келтірілген ( мұнда: контент- талдау, жаднама – сұрақнама).

Дәстүрлі талдау ретінде «құжатты белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі... іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оны талқылаудың өзі».

Қалыпқа келтірілген әдіс - сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге (қанша, уақыттың қандай кезеңіне) аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.

Мәтін мазмұнына контент-талдау немесе ғылыми талдау пайда болған кезден бастап мәтәндәк газет материалдарын зерттеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде оның ерекшеліктерінің бірі мынада, ол бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Сонымен бітге ол құжаттарды: есептердің кез келген түрін, жиналыс, конференция, үкіметаралық келіссөздер, келісімдер хаттамаларын және с.с-ды талдау кезінде де қолданылады. Осы әдісті әр түрлі арнайы қызметтер жиі қолданады: ең құпия ақпараттың 80% соның көмегімен алынады.

Мәтін және оның мазмұны - контентт талдаудағы басты нәрселер. Зерттеуші мәтәннәі фактілерімен, оқиғалармен, осы мәтіннің материалдарын іріктеу принциптерін анықтайтын позиция, мүдде, ұстанымдар тұрғысынан анықтайтыннан басқа мәтіеді сөз етіліп отырған қарым –қатынастармен байланысын, негізінен неге ерекше назар аударылғанын, жаңылтпашта не жайында айтылғанын анықтайды.

Контент – талдау рәсімі талдау мәнін анықтаудан (социологиялық зерттеу мақсаттарына сәйкес), мәтіндік ақпараттан талдау санатын – талдаудың мағыналық бірлігін (таудау бірліг – автордың сөзімен, пікімен айтылған мәтіннің бөлігі) анықтаудан тұрады. Содан кейін талдау санатын қолдануды есептеу жүреді. Есептеу бірлігі - мәтінде осы немесе басқа мағыналық бірліктің кездесуі (жиілігі) тұрақтылығы ; ақпарат көлемін белгілеу ( мәтінің алаңы, абзацтар, жолдардың саны, эфирдегі уақыты және с.с.). маман жариялау шрифтіне, газет бетіндегі орнына немесе теле және радиожаңалықтардағы орнына, материалға берілетін тональдылыққа және т.б-на назар аударады.

Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген, қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі.

Социологиялық ақпаратты жинаудың ең бір ерекше және қиын игерілетін әдістерін эксперимент жатады. Эксперимент - `experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе ) бақыланатын және басқарыланылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи ( далалық, лабораториялық ) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.

Социологияда табиғи эксперименттерді пайдалану адамдардан тұратын әлеуметтік зерттеу объектілерінің табиғатымен және зерттеушіден объектіге « зиян келтірмеу» деген моральдық норманы сақтауын талап етумен шектелген. Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда өткізіледі. Және әдетте әлеуметтік - психологиялық экспериментпен көптеген ұқсастықтары болады.

Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойын олар статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезінде негізгі болып табылады. Мұндайда барынша тиімдісі объекті өлшемінің бір бөлігі қалыпқа келтірілген, ал басқасы қалыпқа келтірілген және формальді бөлігі диалогтық режимде өзара әрекет ететін тұжырымдама, сценарийлер, адамның құндылық бағдарлары түрінде ұсынылған үлгілеудің адам – машина жүйесі болып табылады. Үлгілік эксперименттер табиғи әлеуметтік эксперименттің стратегиясын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды.

Дәлелдеменің логикалық құрылымы бойынша гипотеза сызықтық және паралельді болып бөлінеді. Сызықтық эксперимент талдауға бір ғана топ тартылуымен ерекшеленеді. Паралельді экспериментте бір мезгілде екі топ қатысады: бақылау және экспериментті.

Осылайша, социологиялық зерттеулердің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне байланысты болады.

^ Социологиялық сауалнама - социологиялық ақпарат алудың негізгі әдісі.

Сауалнама социологиялық деректерді сұрақ – жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады жатады.

Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті. XVII ғасырдың ортасында-ақ француз математигі Б. Паскальдің және кейіннен итальян оқымыстысы И. Бернуллидіңі күш салуымен көпшілік сауалнамаларда іріктеу тоериясы сүйенетін үлкен сандар және ықтимал есептеулер заңы тұжырымдалды.

1660 жылы қос ағылшын Дис. Граунт пен У. Петидің ынтымақтасуымен жаңа зерттеу саласын құру аяқталды, олар оны « саяси арифметика» деп аталады, кейіннен ол « статистика» және «социология» деп аталады.

Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең таралған әдісі, яғни «алғашқы қолдан алынған» ақпарат әдісі болып отыр. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге болатынын білуден тұрады. Мәселе осындай әдіспен респонденттерден алынған ақпараттың зерттелетін ақиқатты тек олардың санасында «ұйғарылған» түрде ғана көрсететінінде болып отыр. Сондықтан зерттеу мәні болып табылатын объективті ақиқат пен адамдардың мінез-құлықтары, оқиғалар мен құбылыстар туралы фактілері туралы пікірлерін көрсететін деректер арасында теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұдан әлеуметтік тәжірибенің адамдар санасында әр түрлі жағы бейнелену процесінің ерекшелігіне байланысты сауалнама әдісі арқылы алынған ақпараттың бұрмалануы мумкін екендігін әрқашан ескеру керек екендігі аңғарылады.

Сауалнама нұсқалары ( байланысу формалары бойынша):

1.Жеке немесе жанама түрде ( таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).

2.Жеке немесе топтық.

3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған).

4.Ауызша немесе жазбаша.

5.Тұтас немесе іріктеме.

6.Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.


Сұрақтарды жіктеу

Мазмұны бойынша

Формасы бойынша

Құрылымы бойынша

Функциясы бойынша

Оқиғалар туралы

Тікелей

Ашық

Негізгі

Сарыны туралы

жанама

Жабық

Байланыс

Бағалау туралы




Жартылай жабық

Бақылау

Пікірлер туралы







сүзгіш


Бақылағыш сұрақ қоюға да болады (тапсырма: негізгі сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру, бақылау сұрақтарының арасында 3-4 аралық сұрақ тұруы мүмкін): Сіз өз жұмысыңызға қаншалықты дәрежеде қанағаттанасыз? Сіз басқа жұмысқа ауысуды қалар ма едіңіз? (бақылау).

Мынадай да түрі кездеседі: сұрақ-қақпан ( тапсырма: респонденттер жауаптарының шынайылығын, дұрыстығын тексеру): Сізге Ф. Косттың «Өркениеттің опат болуы» кітабы ұнады ма? ( авторы, атауы ойдан шығарылған).

Зерттеу бағдарламасында тұжырымдалған сұрақтар таратылуы бастапқы социологиялық ақпаратты, анкетаны алуға мүмкіндік беретін арнайы құжатқа салынады.

Анкетаның композициясы.

Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.

Анкета үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі ( мазмұнды бөлім) бөлім және әлеуметтік – демографиялық бөлім.

Кіріспе, әдетте, респондентке қысқаша хабарласудан тұрады; «Сіздің сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сізге сұрақты оқып шығып, өзіңіздің пікірлеріңізге сәйкес келетін жауаптың реттік номерін шеңбермен қоршауыңыз немесе өз жауабыңызды бос жолға жазуыңызға қажет. Нәтижелер компьютерде өңделеді, сондықтан анкетада фамилияны көрсетудің қажеті жоқ. Сұрақтардың бірде-біреуін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз».

Кіріспе бөлімде сондай-ақ мынадай әңгімені бастайтын, оған әңгімелесуші респондентті жетелейтін «жетелегіш» - сұрақтар да орналасады. Олардың міндеті – респондентті қызықтыру, талқыланатын проблемаға енгізу.

Барынша күрделірек, талдауды, ойлануды, жадын жаңғыртуды талап ететін сұрақтар анкетаның ортасына орналастырылады (негізгі бөлім). Мұнда әрбір сұрақтың сапасын мұқият талдау қажет:

а) не туралы сұрауды;

ә) неліктен тап осыны;

б) қандай формада;

Әрбір сұрақ бойынша мынаны ескеру керек: сұрақ зерттеу тақырыбына «жұмыс істей ме?». Сұрақ сауал қойылып отырған адамға зерттеуші көздегендей мағынада ұғыныла ма? Сұрақ «төтеннен» болып табылмай ма? Оң және теріс позициялары тепе-теңдігі сақталған ба? Сұралатын адамға теріс эмоция тудырмай ма? (Өзіндік сезіміне әсер етеді, интимдік жақтарына кіреді, әр түрлі қауіптену сезімін тудырады т.б.)

Сондай-ақ сұрақтарды орналастыру принциптерінің сақталуына да назар аударылады ( байланысы, күрделі, қарапайым, салмақ түсіретін). Бір сарындылық сезімін шақыратын біркелкі сұрақтар жинақталып қалған жоқ па? Анкетаның көлемі респондент пікірін айта алатындай және жалықпайтындай болуы керек, тәжірибе көрсеткендей ең оңтайлы жұмыс мерзім 20-30 мин болады.

Анкетаның үшінші бөлімі әлеуметтік демографиялық ( «паспортичка»). Бұл сұралатын адамның объективті жағдайы мен мәртебесі туралы сұрақтар блогы. Мұндай мынадай сұрақтар қойылады:

11. Сіздің жынысыныз:

11.1. Ер 11.2. Әйел

12. Сіздің жасыныз:

12.1. 18 жасқа дейін 12.2. 21 жасқа дейін және т.б.

13. Сіздің біліміңіз:

13.1. Орташа 13.2. Жоғары 13.3. Жартылай жоғары

14. Сіздің кәсібіңіз: ( осындай схемада респонденттердің ықтимал кәсібі аталады).

Қорытындыда жұмысқа ( анкетаға ) қатысқаны үшін тағы да алғыс айту қабылданған.

Анкета жүргізу – кең тараған социологиялық әдістің бірі, бұл - сауалнаманың жазбаша түрі. Социологиялық тәжірибеде ауызша сауалнама түрі – интервью қолданылады.

Социологиялық зерттеудегі интервью.

Интервью ( ағылш. Interview – әңгімелесу) – респондентпен тікелей диалог арқылы ақпарат алу әдісі, мұның мақсаты социологиялық зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.

  1. Қалыпқа түспеген интервью – белгілі-бір тақырыпта еркін диалог, мұнда сұрақтар (ашық) сөйлесу контексінде құрылады және жауаптарды белгілеу формасы стандартталмаған. Ең алдымен, бұл жалпы бағдарлама бойынша сұрақтарды қатаң жіктемеген әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулер ұзағырақ ( 3 сағатқа дейін), зондажды, тексеру ретінде пайдалынылады.

  2. Жартылай қалыпта интервью – диалог барысында тақырып бойынша бұрын әзірленген және қосымша сұрақтар қойылады. Мұндай түрдегі интервью зерттелетін ақиқаттың құүрылымына тереңірек бойлауы, зерттелетін топтардың сипаттамаларындағы ұсақ айырмашылықтарды анықтау мүмкін.

  3. Қалыпқа түсірілген интервью – сұрақтар « жабық» сұрақтар ( анкета – интервью) карточкасын пайдалына отырып, сұрақтарды қоюдың құрылымдары мен тәртібін өзгертуге жол берілместен бұрын дайындалған сұрақтамалар бойынша қойылады.

Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді:

а) бір ғана респондентпен бір ғана мәселе бойынша белгілі бір уақыт аралығында панельдік – көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеменың даму динамикасын зерттеу;

ә) топтық;

б) бағытталмаған.

Зерттеуші мен респондент арасындағы сұқпаттасу тәсілі бойынша интервью нақты – « бетпе-бет» және жасырын - телефондық (10-15 мин) сөйлесуге бөлінеді.

Интервьюдегі сұрақтарды тұжырымдау ережесі, сабақтастығы жай және күрделі, негізгі және бақылау сұрақтары іс жүзінде анкетадағы сауалнама мен бірдей деседе болады, бірақ сонымен қатар интервью ақуалды ескере отырып, негізгі сұрақты дамытуда белседі пайданылады, арандатпа сұрақтарға жол береді ( мысалы, жауаптың шынайылығына немесе оның толықтығына күмән келтіру), сұралатын адамның тұжырымдалуын нақтылауға мүмкіндік береді, интервьюер жауаптың анықтылығына қол жеткізе отырып қайталап сұрайды (мысалы, «Неліктен сіз дәл осылай ойлайсыз? Сіз мұндай тұжырымға қалайша келдіңіз? және с.с). Интервьюдің барысында қажет болған жағдайда тікелей және жанама сұрақтарды қоя отырып респонденттің жадын жаңғыртуға, өткенін есіне түсіруіне жағдай жасауға болады.

Мамандар интервью мен анкета тарату арасындағы айырмашылықты атап көрсетеді, бұл айырмашылық алынатын мәліметтердің тереңінде жатыр. Социолог анкетаның көмегімен, ең алдымен, пікірлердің тек беткі жағын алады, сонымен бірге интервью терең сарындар мен пікірлерді зерттеуге мүмкіндік береді. Анкеталық сауалнама кезінде іріктеудің қомақты көлемін пайдалануға болады және анкеталық сауалнама істің техникалық жағынан алғанда едәуір қарапайым болып келеді.

Интервьюдің мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді.

  2. Интервьюердің респондентпен жеке қарым-қатынасы сұрақтаманың барынша іске асуын қамтамасыз етеді.

  3. Жеке қарым-қатынас сауалнамаға барынша байсалдырақ қарауды қамтамасыз етеді, алайда мынадай қиындықтарда кездеседі:

а) әрбір респондентпен психологиялық байланысты іздестіру;

ә) едәуір материалдық және уақыт шығындары;

б) интервьюерлерді дайындаудың еңбек сиымдылығы;

в) аномделік проблемасын шешу.

Топтастырылған анкетамен жұмыс істеу математикалық статисканың көмегімен жүргізіледі. Зерттеудің жалпы логикасы статистикалық деректерді (процент, орташа арифметикалық және с.с) социологиялық деректерге ( социологтың ғылыми эродициясына қарай түсіндіру арқылы) айналдырудан тұрады. Есептеулер нәтижесі социологиялық деректерден тұратын табуляграмм түрінде алынады.

Содан кейін социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады, ол ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлігінде, әдетте, зерттеу үшін таңдалып алынған проблемелар негізделеді, іріктемеге, ақпараттың жинау әдісіне, зерттеуге қатысушылардың санына сипаттама беріледі. Екінші бөлігінде зерттеу объектісі әлеуметтік – демографиялық белгілері ( жынысы, жасы, білімі және басқалары) бойынша сипатталады. Есептің келесі бөлігі бағдарламада шығарылған гипотезалардың жауаптарын іздестіруге арналған. Есепке бағдарламадан, жоспардан, анкетадан немесе интервью бланкіден компьюбтерлік кестелерден, графикалардан және с.с-дан тұратын қосымша беріледі.

Сөйтіп, социологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру зерттеудің мақсатына жету – осы зерттеу мәніне қатысты жаңа білім алу үшін жүзеге асырылатын негізделген іс –шаралар кешеннен тұра.

  • Иллюстративті құрал: -

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.

2. Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996.

3. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи. М., 1996.

4. Базарханова И.Л. Семья — основа всех основ. //Мысль, 1994.

5. Елизаров А.Н. Ценностные ориентации неблагополучных семей.

//Социологические исследования. 1995. №4.

6. Максимович Л.Б. Брачный контракт. //Комментарии. Разъяснения. М., 1997.

7. Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методологии и методики. М., 1989.

Қосымша:

1. Семья на пороге третьего тысячилетия. М., 1995.

2. Сергунина В.М. Брачный договор. Алматы, 1996.

3. Смелзер Н. Социология. М., 1994.

4. Социология: Учебник для вузов. /Под ред. проф. В.Н. Лавриненко. М.,

  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

Әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.

Зерттеу бағдарламасының құрылымы.

Зерттеудің пәні мен объектісін қалай түсінесің?

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықта.

Ақпарат жинаудың негізгі әдістері.

Нақты әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
...

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина академиясы
Маќсаты: µкпенің газ алмасу қызметінің б±зылу себептерін, патогендік механизмдерін жєне негізгі формаларын игеру

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина академиясы
Маќсаты: патологиядағы гемостаз жүйесі бұзылыстарын, тромбоцитопатия, тромбоцитопения және басқа да гемостаздың бұзылу түрлерінің...

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина академиясы
Маќсаты: қанайналым жеткіліксіздігінің жалпы этиологиясымен, патогенезімен, оның түрлерімен және қан айналым жеткіліксіздігі кезіндегі...

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: «Тотығу-тотықсыздану титрлеу. Реакцияларға қойылатын талаптар. Индикаторлар»

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14. 06. 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина академиясы №1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)
Дәрістің оқулық мақсаты: Балалар ұжымдарында тамақтануды ұйымдастырылуымен таныстырү

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: «Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері. Перманганатометриялық, иодометриялық титрлеу»

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconКгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина университеті
Тақырыбы: «Химиялық заттармен шақырылған кәсіптік аурулар. Фосфор және оның қосылыстарымен улану»

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©zubril.ru 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы